Стоматолог пациенттің аузынан әлемдегі ең ұзын тісті жұлып алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Стоматолог пациенттің аузынан әлемдегі ең ұзын тісті жұлып алды

444

Smiley face

Немістің  Оффенбахе қаласында стоматолог пациенттің аузынан әлемдегі ең ұзын тісті жұлып алған, деп жазады РИА Новости.

Дәрігер Макс Лукас ұзын тісті алып тастау операциясын 2018 жылдың қыркүйегінде өткізді. Дантистке 63 жасар ер адам өткір ауырсыну шағымымен келген. Науқасты қарап, маман оның аузынан адам таңқаларлық ұзын тісін көрген. Ол тек төрттен бір бөлігі ғана қызыл иектен көрініп тұрған.

Алынған тіс өлшенген. Оның ұзындығы 37,2 миллиметр (шамамен төрт сантиметр) болды. Барлық қажетті құжаттарды жинап, тіс дәрігері Гиннесстің рекордтар кітабына өтініш жіберді. Қазір тиісті тексеруден кейін ол әлемдегі ең ұзын адам тісі болып танылған.

29 қазанда дәрігерге Гиннесс рекордтар кітабының сертификаты тапсырылды. Лукас өз кабинетінде сертификатты көрнекті орынға іліп қоятынын мәлімдеді. «Бұл рекордты бүкіл әлемнің дантистері білсін», - деп отыр ол.


Көзі: Yunews.kz