Республикада «Протон» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Республикада «Протон» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді

444

Smiley face
Фото КЧС МВД

2019 жылғы 31 қазан мен 1 қараша аралығында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларына байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындығы» тақырыбында «Протон» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуларға 8 өңір қатысты, өйткені зымыран-тасығыштардың ұшу тасжолдары облыс аумағының (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан қаласының жанында) үстінен өтеді.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару штабы Қызылорда қаласында Қызылорда облысы ТЖД ахуалдық орталығында орналасқан.

Оқу-жаттығу барысында басқару органдарының, АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарының зымыран-тасығыштардың аварияларына байланысты ТЖ жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындық және өзара іс-қимыл деңгейі анықталды. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран тасығыштардың аварияларына байланысты ТЖ туындаған кезде Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бағынысты Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару бойынша өзара іс-қимылы жолға қойылды.

Smiley face

Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері - орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері қатысты.                               

Оқу-жаттығу теориялық, практикалық мәселелерді пысықтау және оқу орындарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру арқылы екі кезеңде өткізілді.

Бірінші кезеңде әрбір өңірге бес кіріспе берілді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде Қызылорда облысы үшін негізгі кіріспе болып гептил отыны бар «Протон» зымыранының Қармақшы ауданының аумағына құлауы анықталды.

Екінші кезең шеңберінде зымырандардың апаттарына әрекет ету кезінде практикалық іс-әрекеттерді пысықтау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізілді. Практикалық іс-әрекеттер Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дерментөбе елді мекенінде Ресей ТЖМ Федералдық өрт қызметі арнайы басқармасының «Байқоңыр» кешенінде,          «Ғарыш Экология» РМК, Қызылорда облысы ТЖД, «Өрт сөндіруші» АҚ және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен ұйымдастырылды. Зардап шеккен халықты эвакуациялау бойынша іс-әрекеттер, сондай-ақ гептилді детоксикациялау, бүлінген жер учаскелерін қалпына келтіру және зымыран-тасығыш апаты ауданында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын диспансерлеу бойынша жұмыстар пысықталды.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы 10 жылда ел аумағында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған зымырандардың 2 штаттан тыс ұшыруы орын алған.

Smiley face

2013 жылғы 2 шілдеде «Глонасс-М» үш ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы кенеттен ұшу бағытын өзгертті және құлағаннан кейін ғарыш айлағының аумағында жарылған (зымыранның құлаған жерінде өрт орын алды, қаза болған адамдар  мен зардап шеккендер жоқ, ғарыш айлағының персоналы эвакуацияланды).

2018 жылғы 11 қазанда «Союз-ФГ» зымыран-тасығышын ұшыру кезінде «Союз-МС-10» басқарылатын көлік кемесі бірінші сатыны бөлгеннен кейін екінші сатының жұмыс кезеңінде авариялық жағдай орын алды (№16 құлау ауданы, Қарағанды облысының Ұлытау ауданы Ю-25 құлау аймағы). Соның салдарынан ғарышкерлер Ұлытау ауданына шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Республикалық оқу-жаттығудың соңғы бөлігі 2019 жылғы 1 қарашада қорытынды шығарумен аяқталды, оған жұмылдырылған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қатысты.


Көзі: Yunews.kz