Өскеменде жанып жатқан пәтерден жас жігіт секіріп кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскеменде жанып жатқан пәтерден жас жігіт секіріп кетті

444

Smiley faceФото: Өскемен қ. ТЖБ

Өскеменде түнгі сағат 3-те Металлургтер көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шықты. 2 қабаттағы өрт көрші пәтерге жайылған. Өрт сөндірушілер келгенше 2-қабаттағы пәтерден пәтер иесінің 21 жасар ұлы терезеден өз бетімен секіріп кетті, ол  миының зақымдануына байланысты қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

"Оқиға орнына келген№7 ӨСБ өрт сөндірушілері 2014 жылы туған қызды  және көрші тұратын анасын құтқарды. Сонымен қатар құтқарушылар 24 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 3 бала бар. Барлығы 4 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала. Өрт себебі бойынша – отпен абайсыз болу және электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болжамы қарастырылуда. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 28 шаршы метр болатын өртті сөндірді", - деп хабарлады қаланың ТЖБ.

Өрт сөндіруге 4 бірлік техника мен жеке құрамның 20 адамы жұмылдырылды.


Көзі: Yunews.kz