Талдықорғанда көшедегі атыс салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Талдықорғанда көшедегі атыс салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылды

444

Smiley face

31 қазанға қараған түні Талдықорғанның полициясына кафедегі атыс туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Алматы облысының ПД баспасөз қызметі. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жарақаттанған 45 жастағы ер адамды тауып, ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Оқиға 31 қазан күні түнде Талдықорғандағы үшінші ықшам ауданындағы дәмхананың жанында болған. Дәл осы жерден жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.

Жедел-іздестіру шара барысында 42 жастағы тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Анықталғандай, күдікті сол маңдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тұрады. Ұсталған сәтте оның ішімдік ішкені белгілі болды. Оқиға болған сәтте екі азаматтың арасында жанжал туындап, соңында 42 жастағы тұрғын үйінен травматикалық қару алып шығып, қарсыласына оқ атқан.

«Газбен атылатын травматикалық тапанша айғақ зат тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол бұл тапаншаны қоқыс жәшігінен тауып алып, үйінде сақтаған. Қазір аталған фактіге орай ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша сот-алды тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметінен.


Көзі: Yunews.kz