Атыраулық ЖОО-лар парақорлық жиі орын алатын оқу орындары рейтингісінде көш бастап тұр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атыраулық ЖОО-лар парақорлық жиі орын алатын оқу орындары рейтингісінде көш бастап тұр

444

Smiley face

 Jas Otan ЖҚ "Таза сессия" акциясы аясында еліміздің жоғары оқу орындарында анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша қандай да бір позициялар бойынша көш бастап тұрған  оқу орындарының рейтингі жасалды.

Мәселен, сыбайлас жемқорлық фактілері жиі кездесетін жоғары оқу орындарының ТОП-5-те Х.Досмұхамедов  атындағы Атырау мемлекеттік университеті көш бастап тұр. Екінші орында сол өңірдің оқ орны - Атырау мұнай және газ университеті жайғасты. Қарағанды медициналық университеті  үшінші орынға шықты. Төртінші орында тағы бір медициналық ЖОО – Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті орналасқан. Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті осы бестікті аяқтайды.

Тағы бір рейтинг оқу аяқталғаннан кейін сыйлықтар тарту ету фактілері бойынша жасалды. Бұл жерде Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті көшбасшы болды, екінші және үшінші орындарда алдыңғы рейтингіде "ерекше көзге түскендер" болды — М. Оспанов атындағы БҚММУ және Х. Досмұхамедов атындағы АММ.

Smiley face

Ондықты Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет жабады.


Көзі: Yunews.kz