Қазақстанның мал шаруашылығы саласында ен салудың орнына тері асты чиптерін енгізу ұсынылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанның мал шаруашылығы саласында ен салудың орнына тері асты чиптерін енгізу ұсынылады

444

Smiley face

Малдарға ен салу өткенге кетуде. Қазіргі таңда мамандар ірі қара малды таңбалаудың заманауи әдісін  — тері асты чиптерін енгізуді  ұсынып отыр, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП.

"Қазір мал басын көбейту ғана емес, сапасын көтеру қажет. Ал ол үшін ірі қара малдың тұрақты есебін жүргізу қажет. Міне, бұзау туды делік,  біз ол туралы барлық деректерді білуіміз керек. Бүгінде ірі қара малды есепке алу қарапайым ен салу көмегімен жүргізіледі. Бірақ бұл әдіс баяғыда  ескірген", - деді Қазақстанның республикалық Ангус палатасының өкілі, мал шаруашылығы жөніндегі маман Әнуар Тұрғанов.

 Жаңа әдістер жануарларға өмірлік ен салуға, сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Биркалар жоғалса да  кез келген уақытта малдың түрін сәйкестендіруге болады,  өйткені әрбір нөмірге оның шығу тегі, тұқымының кем дегенде үш ұрпағы туралы дерек тіркелген. Бұл әдіс генеалогияны сақтауға және селекциялық-асылдандыру жұмыстарын мақсатты түрде жүргізуге мүмкіндік береді.

Ен салудың электрондық әдісі әсіресе фермерлерді қызықтырды.  Ірі қара малдың терісіне арнайы чип енгізіледі. Оның көмегімен нақты жануар туралы барлық ақпаратты алуға болады.

RFID-ендері бар ветеринариялық есепке алуды автоматтандыру ветеринарға әр тексеруден және вакцинациялаудан кейін жүйеге мәліметтерді енгізу үшін қажетті уақытты қысқартады; қағаз тасығыштарды пайдалану және көп мөлшерде деректерді қолмен енгізу кезінде пайда болатын қателіктерді болдырмауға көмектеседі.

RFID-ен, яғни радиожиілікті идентификациялау белгісі екі компоненттен тұрады: чип және антенналар. Чип жануардың бірегей нөмірін сақтайды, ал антенна оны арнайы оқу құралы арқылы қашықтықтан білуге мүмкіндік береді.

Тері астындағы микрочип жоғалуы немесе арнайы ауыстырылуы мүмкін емес. Ол аллергиялық реакцияларды, жануардың терісінің астында шеттеуді немесе жылжытуды  болдырмайтын жабыны бар биосәйкес шыныдан жасалған капсулаға орналастырылады. Бұдан әрі чип ауыртпалықсыз енгізуге кепілдік беретін ерекше нысандағы инесі бар бір реттік шприцке оралады. Чиптің ендерден айырмашылығы — оны жұлып алуға және сол арқылы малды «танымсыз»  етуге жол берілмейді.


Көзі: Yunews.kz