Түркістанның балабақшаларына қаржы жетіспейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістанның балабақшаларына қаржы жетіспейді

444

Smiley face

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды  жан басына қаржыландырудың жеткіліксіздігі тақырыбы  Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңесінің кезекті отырысында талқыланды,- деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП» баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 2018 жылдың қаңтарынан бастап елдегі барлық балабақшалар жан басына қаржыландыруға көшкен еді. Білім Министрлігінің бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі жастағы бір  балаға күтім жасауға мемлекет төлейтін сома 27 мың теңгені құрайды. Алайда, Түркістан облысының жеке меншік балабақшаларына ескі норма бойынша, яғни 20 мың 988 теңге төленуде.

Жеке меншік балабақшалардың иелері жан басына қаржыландыру сомасы негізінен үш бапқа – коммуналдық қызметтерге, жалақыға, салықтарға жұмсалатынын түсіндірді, және ол барлық шығындарды жабуға әрдайым жете бермейді.

Айта кету керек, бұл ретте кәсіпкерлердің құқықтары да, ұйым қызметкерлерінің құқықтары да бұзылады, өйткені осы қаражаттан жалақы төленеді, ал жалақы төмен болған жағдайда балаларды тәрбиелеу мен оқыту сапасы төмендейді.

 "Қаржыландырудың жетіспеушілігінен біз қызметкерлердің жалақысын көтере алмаймыз. Бұлай жалғаса беретін болса біздің барлық педагогтеріміз мемлекеттік балабақшаларға немесе басқа салаға кетіп қалады. Жыл соңына дейін тек екі ай ғана қалды, ал іс орнынан қозғалмады", - деп атап өтті Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының Түркістан филиалының төрайымы Ділдар Хабибова.

Түркістан облысында барлығы 1424 мектепке дейінгі мекеме бар, оның 526-ы мемлекеттік, 902-і жеке меншік, яғни Түркістан облысында ашылатын әрбір екінші балабақша кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиемен 150 мыңнан астам бала қамтылған, оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға 101 мың бала келеді. Ал облыс бойынша қамтылмаған балалар саны 16 мыңнан асады.

"Кәсіпкерлер өз қаражатын инвестициялады, қызметкерлер ұжымын жинады, оларды жұмыспен қамтамасыз етті және қазір бюджетінде қаражаттың жоқтығынан олар тұрақсыз жағдайда тұр. Бұл мәселе әлеуметтік сипатқа ие. Кәсіпкер ертең бизнесті жабады немесе қайта бағдарлайды. Жергілікті бюджетте тиісті түзетулер енгізу қажет", - деп атап өтті Кеңес төрағасы Орынбасар Қабыштаев.

Палата сарапшылары бірнеше рет жергілікті атқарушы органдарға хат жолдаған болатын, ол хаттарға жергілікті "қазынада" жеке меншік балабақшаларды қаржыландыруға қаражат жоқ деген жауаптар алынды.

Кеңес мүшелері бұл мәселені Түркістан облысының әкімдігі, атап айтқанда қазіргі уақытта әрекет етпей отырған Адами капиталды дамыту басқармасы шешуі тиіс деп шешті, және Кәсіпкерлер палатасына тиісті ұсыныстарды облыс әкімдігіне жіберуді ұсынды. Өз кезегінде облыс прокуратурасы сұрақты бақылау мәселесін қолға алды.


Көзі: Yunews.kz