Қазақстанның 11 қаласындағы әуежайларда «ашық аспан» режимі енгізілуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанның 11 қаласындағы әуежайларда «ашық аспан» режимі енгізілуде

444

Smiley face

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл,  Семей қалаларының әуежайларында рейстердің саны бойынша шектеулерді алып тастауды және қазақстандық тасымалдаушылар жүзеге асырмайтын бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға 5 дәрежелі «ауа еркіндігін» ұсынуды көздейтін «ашық аспан» режимі енгізіледі.

5 дәрежелі «ауа еркіндігі» бар ұшулар – бұл шетелдік авиакомпаниялардың Қазақстан қалалары арқылы үшінші елдердің қалаларына ұшуы. Ол өз кезегінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтеруге, отандық әуежайлар арқылы өтетін транзиттік жолаушылар ағынын арттыруға мүмкіндік береді.

«Ашық аспан» режимінің жұмыс істеу мерзімі 3 жылды құрайды және одан әрі ұзартылуы мүмкін.

Аталмыш режимді Қазақстанда енгізу жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, жаңа халықаралық бағдарлардың ашылуына, бәсекелестіктің артуына септігін тигізіп, ең ақырында авиабилеттер құнының төмендеуіне және әуе көлігінің халықтың қалың тобына қолжетімді болуына, сондай-ақ, туризмнің дамуына және «Астана» халықаралық қаржы орталығының көліктік қолжетімділігінің ұлғаюына ықпал етеді. 

Бүгінгі таңда аталған бағытты дамыту аясында мынадай шаралар атқарылды:

- Оманның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізілді. Олардың қорытындысы бойынша  «SalamAir» авиакомпаниясы келесі жылы Маскаттан Алматыға ұшатын рейстерді ашатын болады;

- Эйр Астана авиакомпаниясы Джиддаға рейстерді ашуды жоспарлауда

- 2020 жылдың І тоқсанында SCAT авиакомпаниясы Джиддаға аптасына 3 рейсті ұшыруды жоспарласа, ағымдағы жылдың 30 қарашасынан Мединаға аптасына 2 рейс ұша бастады.

- ағымдағы жылдың 22-24 қазанында Азиядағы ірі лоукостің бірі –«Air Asia» тасымалдаушысы мен жаһандық тасымалдаушы – «Singapore Airlines» компаниясымен келіссөздер жүргізілді;

- Уральские Авиалинии авиакомпаниясымен келіссөздер жүргізілді, ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Екатеринбург – Алматы бағыты бойынша рейс ашылатын болады;

- Fly Arystan авиакомпаниясы 2019 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша күн сайын қатынайтын рейстерді ұшыра бастайды.

- LOT авиакомпаниясымен келіссөздер жүргізілді, польшалық авиакомпания 2020 жылдың жазынан бастап Варшавадан Нұр-Сұлтанға аптасына келетін рейстер санын 7-ге дейін арттырса, 2021 жылдан бастап Алматыға қатынайтын рейстерді ашпақ.

Сонымен қатар, Катар («Qatar Airways» авиакомпаниясымен), Біріккен Араб Әмірліктерінің («Emirates», «Fly Dubai» авиакомпанияларымен)  және т.б елдердің авиациялық билігімен жаңа әуе қатынастары жөнінде келіссөздер жүргізу  жоспарланған.


Көзі: Yunews.kz