Атырауда аралас жекпе-жектен әлем чемпиондарына сәйгүліктер тарту етілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда аралас жекпе-жектен әлем чемпиондарына сәйгүліктер тарту етілді

444

Smiley faceФото ӨКҚ

Атырауда "Жайық" спорт кешенінде атақты спортшылар – аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Жалғас Жұмағұлов және Сергей Морозов өз жанкүйерлерімен кездесті. Кездесу барысында спортшылар Атырау тұрғындарына қонақжайлығы үшін алғыстарын білдірді.  

"Біздің Атырауға әрбір сапарымыз жоғары деңгейде өтуде. Ұйымдастырушыларға жанкүйерлермен бүгінгі кездесу үшін рахмет. Туған елде осындай күшті қолдау бар екенін білгенде, жеңіске тағы да жететініңе сенесің", - деді Сергей Морозов.

Кездесу соңында чемпиондар жанкүйерлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, болашақ жоспарларымен бөлісті.

"Менің Fight night-пен келісімшартым аяқталды, келесі жылы UFC рингіне шығуды жоспарлап отырмын", - деді Жалғас Жұмағұлов.

Кездесу соңында Атырау тұрғындары чемпиондарды атқа  отырғызды.

Атап өтейік, 19 қазанда Сочи қаласында Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жектен ресейлік Али Багаутдиновты жеңді. Осылайша, ол Fight nights global чемпионы атағын сақтап қалды. Өз кезегінде Сергей Морозов американдық Джош Реттингхауспен рингке шықты, қарсыласын құлатты. Төрешілердің жалпы шешімімен Сергей Морозов М-1 Global нұсқасы бойынша жеңімпаз атағын қорғады.


Көзі: Yunews.kz