Критериалды бағалау жүйесін жетілдіру жолдары талқылануда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Критериалды бағалау жүйесін жетілдіру жолдары талқылануда

444

Smiley face

2019-2020 оқу жылында мектеп оқушыларының 95,4%-ы немесе 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сыныптар жаңартылған мазмұнға көшті. Жаңа оқу жылында 6972 білім беру ұйымдарында  3 252 158 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, 5 күндік оқу аптасы мен білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі енгізілді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында  мәлім етті.

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ жанынан критериалды бағалау мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды,онда қазақстандық мектептерде критериалды бағалау жүйесін жетілдіру жолдары, бағалаудың жаңа жүйесі бойынша енгізілген ұсыныстар, формативті бағалауды өткізу кезінде баллдарды есепке алу мәселелері мен басқа да өзекті мәселелер талқыланады. Құрылған жұмыс тобының міндеттері - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселелерін анықтау және талқылау ғана емес, сонымен қатар педагогтар мен ата-аналар айтқан барлық ескертулерді ескере отырып, бағалау жүйесін жетілдіру болып табылады.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, бағалаудың жаңа жүйесінде объективтілікті қамтамасыз ететін бағалау құралдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Әзірленген өлшемдер мен тапсырмалар білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары мен білімін қолдану қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.


Көзі: Yunews.kz