Жаңа бағалау жүйесі оқушыларды оқыту процесін қолдау мен ынталандыруға бағытталған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңа бағалау жүйесі оқушыларды оқыту процесін қолдау мен ынталандыруға бағытталған

444

Smiley face

2016 жылы жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша 1 сыныпқа барған балалар бірден формативті және жиынтық түрде бағаланып, жаңа жағдайларға белсенді түрде енді. Жаңа жүйемен бағалауға алдымен ескі жүйеде оқыған және бағаланған, қазір бағалаудың жаңа жүйесіне көшкен балалар баяу бейімделуде. Олардың қиындықтары психологиялық тұрғыдан бір-біріне үйреніп қалуларында, енді оларға қайта бейімделуге тура келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті. 

Бүгінгі ата-аналар - кешегі мектеп оқушылары, олар ескі бағдарлама бойынша оқып, «3», «4», «5» деген баға алды. Сол себепті көбіне көп ата-аналар қауымы үшін жаңа жүйеге көшу үрдісі қиындық тудырып жатады.  Бұл ретте, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ережелерінде бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау саны күніне 3-тен аспауы тиіс, оқушылардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырудың икемді кестесі және т.б. бар екендігін атап өту қажет.

«Біз курстар, семинарлар, тренингтер арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бізге объективті, ең бастысы, оқушыларды оқыту процесін қолдауға және ынталандыруға бағытталған бағалаудың жаңа жүйесінің ерекшеліктерін педагогтарға, ата-аналарға түсіндіру маңызды», - деді Ш.Каринова.

«Іс жүзінде бөлім бойынша жиынтық бағалау – бұл бұрын пайдаланылған тақырыптық бақылау жұмыстары, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау – бұл тоқсандық бақылау жұмыстары. Ескі және жаңа бағалау жүйесінде орындалатын бақылау жұмыстарының санында елеулі айырмашылық жоқ», - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Бағалаудың жаңа жүйесі оқу тапсырмаларын орындаудың әрбір кезеңін ескереді, бұл балл жинауға мүмкіндік береді. Жинақтау жүйесі оқушылардың өзіндік қызметін ынталандырады және оқу бағдарламасын меңгеруді қамтамасыз етеді, яғни білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Баспасөз-конференциясы барысында Шолпан Каринова бастауыш сынып мұғалімдері ескі жүйеде күн сайын дәптерлерді тексеріп, бұл олар үшін үйреншікті іс болып кеткендігін атап өтті. Мұғалімдер күн сайын бірнеше пән бойынша 25 оқушының жазбаша жұмыстарын тексеріп, келесі күні сыныпқа түсініктеме бере отырып, тексерілген тапсырмалар беретін еді.

Қазақ, орыс тілдері, математика, физика, химия, биология пәні мұғалімдері үшін орта және жоғары сыныптардағы жазбаша жұмыстар, зертханалық және практикалық жұмыстар болды.

Қазақстандық білім берудің негізгі ресурсы жоғары білікті педагогикалық кадрлар болып табылады. Осы оқу жылында 336 180 педагог жұмыс істейді. Бүгін бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау тексеру кезінде бұл мұғалімдер қиындықтарға тап болмайды. Әрине, ескі жүйеде жазбаша жұмыстар болмаған және оқушылардың ауызша жауаптарын ғана бағалауға үйренген пән мұғалімдері бұл жаңашылдықты сәл қиындау қабылдауда.


Көзі: Yunews.kz