Ақтауда бетон араластырғыш шұңқырға құлап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда бетон араластырғыш шұңқырға құлап кетті

444

Smiley faceФото куәгерлерден

Оқиға 31 қазанда Ақтау қаласында салынып жатқан 16 шағынауданның аумағында орын алды. Мұнда кәріз құдықтарын орнатуға арналған жабық шұңқырға автобетонараластырғыш құлап кетті.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ, медициналық көмекке ешкім жүгінбеген.

Бетонараластырғышты құрылысшылар өз күштерімен шығарып алды, сондықтан полицияға ешкім жүгінбеген. Сонымен қатар, шұңқырға түсудің ықтимал себебі құрылыс алаңында топырақтың шөгуі болуы мүмкін.


Көзі: Yunews.kz