Алматының тұрғынынан қару –жарақ арсеналы тәркіленді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматының тұрғынынан қару –жарақ арсеналы тәркіленді

444

Smiley faceФото Алматы қ. ПД

Полиция қызметкерлері таңертең Алматы қаласының Медеу ауданында атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша арнайы операция өткізді.

"Біздің назарымызға бұрын бопсалаушылық үшін сотталған, «Думан» шағын ауданында тұратын, 1992 жылы туған аз.Т.  ілікті. Оны ұстау барысында жеке басын тексеру кезінде фигуранттан пышақ тауып, алынды, ал "Ауди" маркалы көлік құралын тінту кезінде 12 калибрлі аңшы мылтығының екі кесігі, карабин, тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 15 патрон табылды. Барлық алынған қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптамалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның шығу тегі, қатыстылығы белгілі болады және қандай да бір қылмыс жасаған кезде қолданылуы анықталады",-деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жанболат Зиадин арнайы операция барысы туралы хабардар етіп.

Қазіргі уақытта аталған фактіні Алматы қаласыполиция департаментінің Тергеу басқармасы ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша тексеруде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Көзі: Yunews.kz