Қазақстанда Нидерланд компаниясы кәріздік тазарту құрылыстарын салуға дайын - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда Нидерланд компаниясы кәріздік тазарту құрылыстарын салуға дайын

444

Smiley face

Гаагада Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі қатысуымен 5-ші Қазақстан-Нидерланд бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Форум аясында "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ мен голландиялық" Witteveen+Bos " компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, ол Қазақстандағы кәріздік тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту жобасын іске асыру жөніндегі бірлескен ынтымақтастық әлеуетін зерттеу үшін негіз қалайтын болады.

Сонымен қатар, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ жүргізген Қазақстанның инфрақұрылымдық секторына әлеуетті инвесторларды іздеу және тарту жұмыстарының қорытындысы бойынша, Гаага қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің "SUEZ Group" компаниясының вице-президентімен екіжақты кездесуі өтті, оның барысында Қазақстанда кәріздік тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту жобасына француздық ТҰК қатысуының ықтимал нұсқалары талқыланды.

Компаниялар жақын арада КОС объектілеріне техникалық тексеру жүргізу және одан әрі қадамдарды қалыптастыру үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Нидерланд Еуропадағы ҚР-ның негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары Нидерландтан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $92 млрд-тан асты. ҚР-да Нидерланд капиталының қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша екі жақты тауар айналымы $6,5 млрд. құрады.

АНЫҚТАМА: Witteveen+Bos 1946 жылы құрылған және Нидерландтағы жетекші инжинирингтік және консалтингтік компания болып табылады. Компания штатында инфрақұрылым, су шаруашылығы, қоршаған орта және құрылыс салаларында жұмыс істейтін 900-ден астам қызметкер бар. Компанияның Қазақстандағы маңызды жобалары Каспий теңізінде мұнай өндіру үшін жасанды аралдар мен өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту жөніндегі құрылыстар салу болып табылады.


Көзі: yunews.kz