Елордада музейлер парады өтіп жатыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада музейлер парады өтіп жатыр

444

Smiley face

Нұр-Сұлтанда «Музейлер парады» акциясы шеңберінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты шара өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына  отансүйгіштік, адамгершілік  қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру. Оған Ақмол ауылы мәдениет үйінің «Әжелер» хор ансамблі, «Малиновка» іздеу тобы (Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 4-5 сынып оқушылары), «АЛЖИР» мұражайының ұжымы және ауыл тұрғындары қатысады. Келушілерге ұлттық дастархан жайылып, салт-дәстүрлерден көрініс қойылып, ұлттық ойындар ойнатылады. Сондай-ақ қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша қазақ,  орыс тілдерінде экскурсия өткізіліп,  «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетіледі.


Көзі: yunews.kz