Қазақстандық "Өзен" фильмі Мәскеуде өткен байқаудың бас жүлдесіне ие болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық "Өзен" фильмі Мәскеуде өткен байқаудың бас жүлдесіне ие болды

444

Smiley face

Қазақстандық режиссер Әмір Байғазиннің "Өзен" фильмі "Московская премьера" Халықаралық кинофестивалінің Гран-при иегері атанды.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 3 қарашада өтті.

РФ-дағы ҚР Елшілігінің сайтында хабарланғандай, "Өзен" фильмі бұның алдында 75-ші Венециандық кинофестивальде үздік режиссура үшін "Горизонты" бағдарламасының "Золотой лев" сыйлығын алды.

"Московская премьера" фильмдерінің халықаралық байқауы биылғы жылы 29 қазан мен 3 қараша аралығында "Горизонт" кинотеатрында өтті. Фестивальға Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Молдова, сондай-ақ Украина, Грузия, Латвия, Эстония, Ресей және т.б. елдердің кинематографистері қатысты.

Кинофестиваль бағдарламасына толық метражды және қысқа метражды фильмдердің екі конкурстық көрсетілімі, бірлесіп шығарылған үздік фильмдердің конкурстан тыс көрсетілімі, "Халықтар Достығы" циклімен біріктірілген үздік толықметражды кинодебюттер мен кеңестік классика енгізілді.

Қазақстан сондай-ақ конкурстан тыс көрсетілген "Айка" және "Риэлтор" атты толық метражды екі фильммен ұсынылды.

Қысқа метражды кино конкурсында жас режиссерлердің екі жұмыстары көрсетілді: "Хайуанаттар бағы" (Эльдар Шибанов) және "Самал" (Шұғыла Сержан). Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальді жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.


Көзі: yunews.kz