Абзал Әжіғалиев АҚШ-та шорт-тректен әлем кубогында «қола» ұтып алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Абзал Әжіғалиев АҚШ-та шорт-тректен әлем кубогында «қола» ұтып алды

444

Smiley faceФото Оlympic.kz

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен жаңа маусымның шымылдығы түрілді. Қазақстандық спортшы Абзал Әжғалиев турнирдің қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz

500 метр қашықтықты Әжіғалиев 39.881-де бағындырды,бұл жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, бұл нәтиже Қазақстанның осы қашықтықтағы жаңа рекорды болып табылады.  Бірінші орынды У Дацзин (Қытай) жеңіп алды. "Күміс" Венгриядан келген Шандор Шаолина Люға бұйырды.

1000 метр қашықтықта қазақстандық Еркебұлан Шамуханов үздік нәтижеге қол жеткізді, ол 10-шы болды. Финалда қазақстандық пенальти алды. Мерсаид Жақсыбаев та пенальтиге  ие болды.


Көзі: Yunews.kz