Волонтерлік тәжірибе қазақстандықтардың еңбек өтіліне қосылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Волонтерлік тәжірибе қазақстандықтардың еңбек өтіліне қосылады

444

Smiley face

Қазақстанда бүгінгі күні 50 мыңнан астам адам қамтылған 200-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі (бұдан әрі - Министрлік) Дәурен Абаев Мәжілістегі Үкімет сағатында келесі жыл жастар бастамаларын дамытуға белсенді бағытталатынын атап өтті.

Министрлік волонтерлік қызметке қатысты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді жоспарлап отыр.

"Қазір біз волонтерлердің жұмыс тәжірибесін еңбек өтіліне қосу және жоғары оқу орындарына, колледждерге түсу кезінде волонтерлік қызметті есепке алу мүмкіндігін қарастырудамыз", - деді Дәурен Абаев.

Бұдан басқа, барлық өңірлерде "Біргеміз" жалпы тұжырымдамасының негізінде 7 жалпыұлттық жоба аясында Волонтерлік қызметті қолдау орталықтарын құруды жоспарлап отыр.

"Мысалы, "Білім" жобасы бойынша ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек ұйымдастырылады. "Сабақтастық" жобасы бойынша волонтерлер балалар үйлерінің балаларына қамқорлық жасайды. "Саулық" жобасы аясында медициналық волонтерлік, яғни науқастарға күтім жасау, жедел жәрдем көліктеріне көмек көрсету және т.б. дамитын болады. "Таза әлем" - бұл қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштар отырғызу, қоқыс жинау, қоқысты сұрыптауға үйрету. "Асыл Мұра" -бұл волонтерлерді материалдық және рухани мәдени-тарихи мұраны сақтауға тартуға бағытталған жоба. "Қамқор" - бұл қарттар үйлеріндегі жұмыс. Ал "Үміт" жобасы хабарошарсыз кеткендерді іздеуге волонтерлерді тартуға бағытталған", - деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық даму министрі өз баяндамасында.

Аталған барлық жобалар бойынша нақты жергілікті міндеттерді шешуге бағытталатын 300 мың теңгеге дейін шағын гранттар бөлу көзделеді. Барлығы 420 шағын грантты қолдау жоспарлануда.

Сондай-ақ, осы саладағы корпоративтік волонтерлер мен халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бизнес-секторды белсенді тарту жоспарлануда. Мысалы, біздің азаматтарымыздың Кения, Иордания, Түркия және Тайландтағы ерікті миссияларға қатысу мәселесі пысықталуда.

"Бүгіннің өзінде Министрлік "Студенттік бастама" волонтерлер қозғалысын құруды және жас волонтерлер базасын қалыптастыруды көздеп отыр. Студенттерді құрылыс отрядтарына тарту мәселесі пысықталды. Студенттер жазғы демалыс кезінде құрылыс жасақтарында жұмыс істей бастады", - деді Абаев.

Сондай-ақ, Қазақстанда ерікті қоғамдық пайдалы қызметке тартылған студенттердің үлесін арттыру бойынша "Әлеуметтік студенттік несие" жобасы іске қосылды. Жаңа оқу жылынан бастап балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, қарттар үйлерінде және басқа да мекемелерде волонтерлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орындарының студенттеріне стипендия 30%-ға арттырылады деп жоспарлануда.


Көзі: yunews.kz