Жағымсыз жаңалықтар көп назар аударады - Абаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жағымсыз жаңалықтар көп назар аударады - Абаев

444

Smiley face

Жағымсыз жаңалықтар көп назар аударатындықтан,  жаңалық таспалары теріс іс-қимылдар мен қылмыстар туралы айтылған айдарларды жаппай жариялайды, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, жұмыссыздық, суицид, табыстың аз болуы, тұрғын үйдің болмауы да басты назарда болады.

«Кейде аға буыннан жастарымыздың мемлекетке тұтынушылық көзқараста екенін, бұл масылдық көңіл-күйдің үстемдігі және оның отансүйгіштікке жатпайтынын естіп жатамыз. Бірақ бұл толық жағдайды көрсете алмайтын микротрендтер», - деді министр.

АҚДМ басшысы  жас қазақстандықтардың сауаттылық деңгейі бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірінде екенін, біздің оқушылар математикадан, физикадан, бағдарлама жасаудан әлемдік олимпиадаларда ең мықтылардың қатарында екенін айту керектігіне назар аудартты, бірақ бұл ақпаратты ешкім оқымайды.

«Мысалы, астаналық мектептердің біріндегі төртінші сынып оқушыларының төбелесі туралы ақпаратты танымал жаңалықтар ресурстарының бірінде 50 мыңға жуық қазақстандық оқыпты. Ал «Ғылым көмегімен әлемді жақсартуға ұмтылатын 5 оқушы» мақаласын сол порталда 10 есе аз оқыған. Бірақ, шынайы бағалы мақала осы емес пе?«, - деді Дәурен Абаев.

Министр 10-сынып оқушысы Әлихан Рақымбетов ойлап тапқан көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған "ақылды" таяқ, қызылордалық 12-сынып оқушысы Әлихан Шәкіман ойлап тапқан балама энергияны тиімді пайдалануға ықпал ететін жел генераторының 3D-моделі, Ақтөбелік  оқушы Нұрдәулет Таумергеновтың мылқауларға арналған қолғабы  және Қазақстан оқушыларының басқа да көптеген өнертабыстары туралы еске салды.

"Біздің жобаларымыз жұмыс істейді, олар тиісті  әсер береді. Жастар жылы – бұл мемлекеттің өз болашағына салымы, және мен біздің балаларымыз, біздің жасөспірімдер бұл салымды  шығындарды еселеп ақтайтынына сенімдімін", - деп атап өтті Абаев.


Көзі: yunews.kz