Үш жыл ішінде жұмыс істейтін жастарға әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй беріледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Үш жыл ішінде жұмыс істейтін жастарға әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй беріледі

444

Smiley face

2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге 3 000 пәтер беріледі.

"Болжамды жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды. Бұл ретте тұрғын үй алаңы кемінде 40 шаршы метр болады. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында өтінімдер қабылдау бүгін басталады. Алматыда 200-ден астам өтінім жиналды", - деп атап өтті Үкімет сағатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

3 жыл ішінде осындай 9 мың пәтер беріледі. Критерийлердің бірі соңғы 2 жылда қалада тұрақты тұру болып табылады, бұл жастардың республикалық маңызы бар қалаларға жаппай қоныс аударуын болдырмауға мүмкіндік береді. 

"Сонымен қатар, сіздің қолдауыңыз болған жағдайда 2022 жылдан бастап еліміздің басқа өңірлерінде жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу мәселесін көтеру жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді мәжілісмендерге АҚДМ басшысы.


Көзі: yunews.kz