Қазақстанда бейімделген спорт бойынша алғашқы Балалар паралимпиядалық ойындары өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда бейімделген спорт бойынша алғашқы Балалар паралимпиядалық ойындары өтті

444

Smiley face

2019 жылдың 1-2 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы Балалар паралимпиядалық ойындары өтті. Ерекше мүмкіндігі бар 220 бала спорттың 5 түрінен жарысты.

«Ерекше» спортшылар елордаға Қазақстан мен Ресейдің түрлі аймақтарынан келді.

Балалар паралимпиядалық ойындары – бұл «ерекше» балалар арасында бейімделген спорттың келесі түрлерінен жарыстар: бочча, пара үстел теннисі, пара тхэквондо, пара каратэ және пара чирлидинг. Бұл ретте чирлидинг алғаш рет инклюзивті жарыстар бағдарламасына енгізілді.

Smiley face

Жобаның мақсаты – ерекше мүмкіндіктері бар балалар арасында бейімделген спортпен шұғылдануға ынталандыруды арттыру, олардың дамуы мен спорттағы жетістіктері үшін жағдай жасау, сондай-ақ қоғамның назарын Қазақстанда Бейімделген дене шынықтыруды дамытуға тарту.

Іс-шараны «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы» ҚБ ұйымдастырды.

Балалар паралимпиядалық ойындарына бейімделген спорт бойынша ментальды бұзылыстары, БЦП, Даун синдромы бар балалар, сондай-ақ онкологияны жеңген жас спортшылар қатысты.

Smiley face

Алмасова Анара – үш «ерекше» баланың анасы. Үлкен ұлдары Арыстанбек пен Нариман 17 және 13 жаста. Екі ұл да ментальды бұзылулар бар. Жыл сайын олар бочча және тхэквондомен шұғылданады, тіпті түрлі жарыстарға қатысады.

«Спорттың арқасында менің балаларым физикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар зияткерлік жағынан да дамып келеді. Менің кіші ұлым Нариман өте ұзақ уақыт сөйлей алмады, бірақ ол бейімделген дене шынықтырумен айналыса бастаған кезде, хатқа қызығушылық танытып, ол буындарды оқи алатын болды. Осыдан кейін ұлым шыдамдырақ бола бастады», - дейді Анара Алмасова.

Smiley face

Бейімделген спорт бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балалардың қимыл-қозғалыс бұзылыстарын түзетудің, физикалық және моторлы дамуын ынталандырудың қажетті құралы болып табылады. Біздің елімізде инклюзивті спорт секциялары ашылып, «ерекше» балаларға дене шынықтыруды оқыту әдістемесі әзірленуде.

Осы бағытта «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе отырып «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы» ҚБ белсенді жұмыс жүргізуде.

Smiley face

«Біз елімізде бейімделген спортты дамыту бағытында үлкен әлеуетімізді көріп отырмыз, себебі ол мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамда тиімді әлеуметтенуге және дамуға көмектеседі. Биылғы жылы біздің қолдауымыздың арқасында Қазақстанда алғаш рет бейімделген  спорт бойынша оқу құралы жарық көрді және қазір біз осы оқу құралының еліміздің білім беру жүйесіне енгізілуіне тырысамыз», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қоры бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева.

Smiley face

Балалар паралимпиядалық ойындары серіктіміздің, атап өткенде барлық Орталық Азияда теңдесі жоқ паралимпиядалық жаттығу орталығының алаңында өтті. Мұнда мүгедектігі бар адамдар үшін спортты қолжетімді ету үшін барлық жағдай жасалған: инфрақұрылыммен қамтылған, арнайы тренажерлер орнатылды.


Көзі: yunews.kz