Білім министрлігінің "Жас маман" жобасы 210 мыңнан астам жас қазақстандықты қамтиды – Абаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Білім министрлігінің "Жас маман" жобасы 210 мыңнан астам жас қазақстандықты қамтиды – Абаев

444

Smiley face

Мәжілістегі Үкімет сағатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев депутаттарға "Жас маман" жобасын жүзеге асыру туралы әңгімеледі.

Жобада 200 жаңғыртылған оқу орындарының базасында 100 аса сұранысқа ие индустриялық және сервистік мамандықтар бойынша мамандар даярлау қарастырылған. Бұл заманауи оқу жабдықтары кешендерімен жасақталған 180 колледж және 20 жоғары оқу орны.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Білім және ғылым министрлігі жанынан мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП және жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылды, сондай-ақ 100 аса сұранысқа ие сервистік және индустриялық мамандық анықталды.

"Қандай мамандықтар туралы әңгіме болып отыр? Бірінші позицияда бізде компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету жөніндегі инженерлер, 3D үлгілеу жөніндегі инженерлер, машинааралық оқыту жүйелері жөніндегі инженерлер, WEB және мультимедиялық қосымшаларды әзірлеушілер бар. Жоғары технологиялық салалардан басқа, құрылыс бояушылары, ағаш ұсталары, тас қалаушы, монтажшылар және т.б. мамандықтарға үлкен сұраныс бар", - деді Абаев. 

Бұдан басқа, әкімдіктермен бірлесіп, "Жас маман" жобасына қатысу үшін 180 колледж және 20 жоғары оқу орындарының алдын ала тізбесі белгіленді, олар жаңа оқу құралдарымен жасақталады.  Шетелдік серіктестермен келіссөздер басталды. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, еңбек ресурстарын қайта даярлау және қысқартылатын қызметкерлер ережесі бекітілді.

Бұл жобаны тиімді іске асыру еңбек нарығын теңдестіруге, жастар жұмыссыздығын, шетелдік жұмыс күшін жалдауды, сондай-ақ қазақстандықтардың ресейлік жоғары оқу орындарына кетуін азайтуға мүмкіндік береді деп болжануда.


Көзі: yunews.kz