"Бүгінде перинаталдық орталықтан ешкім жұмыстан шықпаған» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Бүгінде перинаталдық орталықтан ешкім жұмыстан шықпаған»

444

Smiley face

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық перинаталдық орталығының қазіргі жағдайы туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын осы медициналық мекемеде дәрігерлер тірі нәрестені тоңазыту камерасына жатқызып, нәресте өлімінің көрсеткіштерін бұзбау үшін оны сол жерде қалдырған.  Перинаталдық орталықтың дәрігерлері Қазақстан Президентіне Ашық хат жазды, ал кейіннен орталықтың 31 қызметкері кету туралы өтініш жазды, сеебі олардың орталығында жаңа туған нәрестенің қайтыс болу фактісі туралы жарияланымдардан кейін оларға қатысты Интернетте қудалау басталған деп мәлімдеді.

Көптеген тексерулерден кейін облыс әкімдігі орталықтағы перзентхана бөлімшесін жабу туралы шешім қабылдады.

Тергеу барысында мұндай жағдай неге қалыптасты деген бірнеше болжам болды. Бұл санитарлық нормалардың бұзылуы, сапасыз дәрі-дәрмектерді пайдалану, сондай-ақ үй-жайларды, құрал-саймандарды, сондай-ақ барлық жабдықтарды нашар өңдеу салдарынан орталықта түрлі инфекциялардың болуы. Мысалы, қала орталығында емес, Атыраудың өнеркәсіптік аймағында орналасқан перинаталдық орталықтың кір жуатын орнын тексеру кезінде СЭС дәрігерлері сұмдық жайтты көрді. Олар нәрестелер мен босанатындарға қолданылатын кір жуу орнының, жабдықтар мен киім-кешектің жағдайына жағаларын ұстады. Мамандар бұл кір жуу орнында табылған барлық заттардан сынамалар алды. 

Брифингте Атырау облысының әкімі хабарлағандай, облыстық перинаталдық орталық бүгінде штаттық режимде жұмыс істейді. Тиісті қызметтердің ұсынысына сәйкес, бір гинекологиялық бөлімше қалалық перзентхана мен облыстық ауруханаға ауыстырылды.

"Бүгінгі таңда желдету жүйесі аяқталды, апробация рәсімінен өтуде. Алдағы күндері бұл бөлімше де қалыпты штаттық режимге оралады", - деді Нұрлан Ноғаев.

Медицина қызметкерлерін жұмыстан босатуға келер болсақ, аймақ басшысының айтуынша, бүгінгі таңда өтініш берген төрт дәрігер өтініштерін кері қайтарып алды. Тағы 28 дәрігермен мамандар медицинада жұмысты жалғастыру керек деген әңгіме жүргізуде.  Бүгінгі күні ешкім жұмыстан кеткен жоқ.

"Тоңазытқыштағы бала және қылмыстық іс шеңберінде тергелетін басқа да эпизодтар туралы мен ештеңе айта алмаймын. Бұл тергеу органдарының құзыреті. Олар істі аяқтайды және ауқымды түсіндірме ақпарат береді", - деді Ноғаев.


Көзі: yunews.kz