Ауыл тұрғыны туысқанын атып өлтірді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ауыл тұрғыны туысқанын атып өлтірді

444

Smiley face

Алматы облысында полиция қызметкерлері атыс қаруын қолданып, өз туысын өлтірген 36 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Еңбекшіқазақ ауданында Бөлек ауылындағы жеке үйлердің бірінен 41 жастағы Есік қаласының тұрғынының мәйіті табылды. Жәбірленуші басына тиген бытыра жарақаттан қайтыс болғаны ескеріліп, дабыл бойынша көтерілген аудандық полиция қызметкерлері атыс қаруымен қаруланған күдіктіні анықтап, іздестіруді ұйымдастырды.

"Осы ауылда тұратын жәбірленушінің туыстарының бірі кісі өлтіруге қатысты болып шықты, ол ұсталды және бірнеше сағат ішінде аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Оның айғақтарына сәйкес, қызғаныштан туындаған әдеттегі жанжал кісі өлтіруге себеп болды. Қылмыс құралы  тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығы қылмыстық тергеу материалдарына айғақты зат ретінде тіркелген",-деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Күдікті Еңбекшіқазақ аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 99-бабына сәйкес жалғасуда (Кісі өлтіру).


Көзі: yunews.kz