"АЛТЫН ОРДА" АУДАНЫНДАҒЫ 10 ЖОЛАҚТЫ ЖОЛДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 2020 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ҚАРАЙ АЯҚТАЛАДЫ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"АЛТЫН ОРДА" АУДАНЫНДАҒЫ 10 ЖОЛАҚТЫ ЖОЛДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 2020 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ҚАРАЙ АЯҚТАЛАДЫ

444

Smiley face

«Райымбек-Алматы» учаскесінде көлік кептелісін азайту мақсатында 786-790 км аралығында күрделі жөндеу жобасы іске асырылуда.

Жобаға сәйкес қоғамдық, жергілікті және транзиттік көліктер үшін автожолдың енін 10 жолаққа кеңейту қарастырылған (5 жолақтан 2 бағыт бойынша). Сондай-ақ, жоба аясында 1 көлік айрығы, 1 айналмалы эстакадасы, Ақсай өзені арқылы 1 көпір, «Апорт» СО, «Алтын Орда» СО және «Асыл Арман» тұрғын кешінін аумағында 3 жер үсті жаяу жүргіншілерге арналған өтпе жол салынады.

Бүгінгі күні жолшылар 80%-дан астам жер жұмыстарын және 20%-дан астам жолдың жоғарғы қабатын және жабынның төменгі қабатын орнату жұмыстарын орындады.

Бүгінде «таға» тәріздес бұрылу эстакадасының құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталмыш жолдың бойындағы «Жеті құрдас» сауда базары орналасқан учаскедегі жер үсті жаяу жүргіншілер жолына арналған көпірдің тіректертері орнатылды, оған қажетті металл конструкциясы 100%-ға дайын.  Сондай-ақ, жолшылар екінші жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін монтаждау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл нысанда да көпірдің тіректер дайын және 70%-ға өткел құрылысына қажетті металл конструкциясы дайын. Үшінші жер үсті жаяу жүргіншілер көпірі бойынша тіректер дайын, бірақ бұл нысанда құрылыс жұмыстары енді басталды.

Аталмыш учаскедегі құрылыс жұмыстарына барлығы 122 қызметкер мен 35 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Жобаның толық аяқталуы 2020 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.


Көзі: yunews.kz