"Жауынгерлік бауырластық" тыныштық күзетінде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Жауынгерлік бауырластық" тыныштық күзетінде

444

Smiley faceФото Қарағанды облысының ПД

Қарағанды облысының Балқаш қаласында қаладағы тәртіп сақшыларына ауған жауынгерлері көмек көрсетуде. Балқаш қаласының полиция бөлімінің басшылығымен қоғамдық құрылымдар желісін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру аясында қала әкімдігімен бірлесіп 29 адам іріктеліп алынды, олар учаскелік инспекторлар және полиция қызметкерлерімен бірге демалыс күндері қала көшелерін аралауға көмектеседі. Он қоғамдық көмекшілер Ауғанстандағы соғысқа қатысқан жауынгер-интернационалистерден тұратын "Жауынгерлік бауырластық" қоғамдық бірлестігінің мүшелері болып табылады, деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

"Біз соғысты көрдік, жақсы шыңдалып, жоғары патриоттық тәрбие алдық. Біздің қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмегіміз қажет екенін білгеннен кейін, біздің жігіттер полицияның ерікті көмекшілері қатарына қуана кірді. Біздің әрқайсымызда негізгі жұмысымыз бар, соған қарамастан, біз уақыт тауып, патрульдеуге кірісеміз", - деді полицияның қоғамдық көмекшісі Бауыржан Мұхамедиев.

Ағымдағы жылдың 9 айында "Жауынгерлік бауырластық" қоғамдық бірлестігі мүшелерінің қатысуымен 180-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олардың қатысуымен 23 қылмыс ашылды.

Жыл бойы қоғамдық көмекшілерді материалдық ынталандыру мақсатында қала әкімдігі 10 азаматты көтермелеуге 300 мың теңге бөлді.

Айта кету керек, қабылданған шаралардың арқасында Балқаш қаласында криминогендік жағдай тұрақталды. 9 айдың қорытындысы бойынша қылмыс 21,3% төмендеді.

"Бүгінгі таңда барлық қылмыс түрлері бойынша ашылу оң динамикаға ие. 9 ай ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар, ұсақ және орташа ауыр қылмыстар, ауыр дене жарақаттары, тонау, ұрлық, бұзақылық, алаяқтық, қарақшылық және есірткі қылмыстары ашылды", - деп атап өтті Балқаш қаласының полиция бөлімінің бастығы Өміржан Қуандық.


Көзі: yunews.kz