Ақтауда балаға қатыгездік танытты деп айыпталған тіс дәрігері жұмыстан босатылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда балаға қатыгездік танытты деп айыпталған тіс дәрігері жұмыстан босатылды

444

Smiley face

Бұл туралы Ақтау облыстық стоматологиялық орталығында өткен жұма күні болған оқиғаға арналған брифинг барысында белгілі болды.

Орталық басшысы Қуат Машырықовтың айтуынша, оның қызметкерінің жүйкесі тозуына осы мекемедегі екі есе жүктеме себеп болған.

"Бізде бір дәрігердің қабылдауына 20-25 пациенттің орнына 50-60 адам келеді. Мен, әрине, қызметкердің бұл мінез-құлқын жақтамаймын, оның бұлай әрекет етуге құқығы жоқ. Төлеген Мұхамбетов - жас және білікті маман, ол орталықта 2017 жылдан бастап жұмыс істейді, және осы уақытқа шейін оған қатысты ешқандай ескерту, наразылық болмады. Қазіргі уақытта ол жұмыстан босатылып, сөгіс жарияланды", - дейді Қуат Машырықов.

Қазір полиция басқармасында осы оқиғаны тергеу жүргізілуде. Ақтау полиция басқармасы бастығының орынбасары Қалдымұрат Айғарақовтың айтуынша, сараптама қорытындысы алынғаннан кейін дәрігерге қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабының 2-бөлігі бойынша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні әлеуметтік желіде тіс дәрігерінің 7 жасар науқасқа қатыгездік көрсеткені түсірілген жазба пайда болды.


Көзі: yunews.kz