Қостанай облысында ЖКО салдарынан екі адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай облысында ЖКО салдарынан екі адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті

444

Smiley face

Қостанай облысында "ССКӨБ" АҚ қызметкерлерін (темір рудасын ірі өндіруші және қайта өңдеуші) тасымалдайтын автобуспен болған ЖКО салдарынан екі адам қаза тапты, тағы төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жалпы автобуста 34 жолаушы болған, деп хабарлайды РИА Новости.

"ССКӨБ" АҚ баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Қашар-Рудный тас жолында жұмысшылармен автобус жолда жарық сигналдарынсыз тұрған тракторға соғылды.

"ЖКО нәтижесінде ССКӨБ-ның екі қызметкері көз жұмды (біреуі оқиға орнында, екіншісі -ауруханаға баратын жолда), төртеуі түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды және тоғыз қызметкерге медициналық көмек көрсетілді. Автобуста барлығы 34 жолаушы болған",-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу амалдары жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz