Үйінен қашып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Үйінен қашып кетті

444

Smiley faceФото: spb.aif.ru

31 қазан күні Талғар аудандық полициясының кезекші бөліміне Алматы облысы Панфилов ауылының 32 жасар тұрғыны 13 жасар қызының жоғалғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары қызды іздеуге барлық жеке құрамды бағыттады. Іздестіру жұмыстарына сондай-ақ еріктілер мен туыстары да қосылды.

"Екінші тәулікте қабылданған шаралар нәтижесінде жасөспірім Алматыдағы аялдамалардың бірінен табылды. Бала аман-есен ата-анасына қайтарылды. Белгілі болғандай, ол осы уақыт бойы қалада қаңғырып жүрген және үйден алып кеткен 10000 теңгеге өмір сүрген. Қашқын қыз үйден кету себебін жасырады. Алты бала тәрбиелеп отырған қыздың отбасының тұрмыстық жағдайы қалыпты",- деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Алайда, полицейлер баланың үйден осымен екінші рет қашып кеткенін және енді оны бала психологының қадағалауы тиіс екенін атап өтті. Өз кезегінде ювеналдық полиция қызметкерлері қызды «тізімге» алуға мәжбүр болды.


Көзі: yunews.kz