Қарағандыда екі жасөспірімді көлік қағып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандыда екі жасөспірімді көлік қағып кетті

444

Smiley faceФото: autonews.ua

4 қараша күні кешке Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолында "Volkswagen polo" автокөлігінің жүргізушісі 15 және 16 жастағы екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соққының қатты болғаны соншалықты, баланың біреуі қарсы бағыттағы жол бөлігіне ұшып кетті. Нәтижесінде ол полиция қызметкері басқарған "Mitsubishi Outlander" автокөлігінің дөңгелегіне соғылды.

Екі жаяу жүргінші де медициналық мекемелерге жүгінді, алайда ауруханаға жатқызылмаған. 

"Volkswagen polo" көлігінің 53 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.


Көзі: yunews.kz