«Охотзоопром» қызметкерлері браконьерлікке қатысты болып шықты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Охотзоопром» қызметкерлері браконьерлікке қатысты болып шықты

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Өткен жылдың наурыз айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында  атып алынған және мүйізі кесілген 154 өлі ақбөкен табылды. Қорықтың  директоры бұл туралы дереу полицияға хабарлаған. Мемлекетке 1 млрд 435 млн-нан астам теңге шығын келтірілді. Тергеу барысында анықталғандай, бұл қылмысқа өңірлік «Охотзоопромның» қызметкерлері қатысты болып шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінде. Кәсіпорынның екі қызметкері екі танысына сирек жануарларды кедергісіз атуды ұйымдастырған.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жануарлардың мүйізін сатып алған адамды анықтады, ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Оның гаражынан Рессей Федерациясы аумағына контрабандалық жолмен тасымалдау және одан әрі ҚХР-ға сату үшін дайындалған, арамен кесіп алынған ақбөкендердің мүйізі табылып, тәркіленді.

Браконьерлерге ҚР ҚК-нің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша айып тағылды.


Көзі: yunews.kz