Алматыда аккумуляторлар ұрлаушы топ көлік ұрлауға кірісті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда аккумуляторлар ұрлаушы топ көлік ұрлауға кірісті

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Алматыда екі жас жігіт, олардың бірі Өзбекстан азаматы, екі автокөлікті айдап әкетіп, 20-дан астам аккумуляторды ұрлап кеткен.

"Жұмыссыз жігіттер мүлік, соның ішінде аккумуляторлар ұрлау жолымен баю мақсатында қылмыстық әрекет етуге шешім қабылдаған. Олар автокөліктердің капоттарын ашып, одан әрі сату ниетімен аккумуляторлар ұрлаған. Әбден дәндіген қылмыскерлер, мұнымен қоймай, көлікті айдап әкетуді шешкен. Алайда, олар өздерінің қылмыстық ниетін жүзеге асыра алмады. Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыскерлер әшкереленіп, ұсталды. Ұрланған автокөліктер өз иелеріне қайтарылды, аккумуляторлар жиналған орындарынан алынып, қылмыстық іс материалдарына қосылды. ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу аясында ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатыстылығы тексерілуде", - деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жанболат Зиадин.


Көзі: yunews.kz