Парақор әкім - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Парақор әкім

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Күзембаев пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, ауылдық округтің тұрғыны әкімдік қызметкеріне өз балаларына жер телімін алуға көмек көрсету туралы өтініш білдірген. Әкімдік қызметкері бұл туралы әкімге хабарлаған  және олар өтініш иесіне жалпы сомасы 3 600 000 теңге болатын әрқайсы 6 сотық төрт жер учаскесін беру жөнінде келіскен.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алғаны үшін әкімшілік қызметкерін ұстады, алайда ол көп ұзамай ҚК 65-бабының негізінде, шынайы өкініп, тергеуге көмектескеніне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Көп ұзамай сот тергеуінде Күзесбаев өз кінәсін мойындап, алған ақшаны "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша пайдаланғысы келгенін көрсетті.

Айыпталушының кінәсі бетпе-бет жүздесу хаттамасымен дәлелденді.

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамның, не оған теңестірілген адамның, адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы пара алғаны үшін ауыр қылмыс ретінде жаза көзделген – параның алпыс еселенген сомасынан жетпіс еселік сомасына дейінгі мөлшерде айыппұл салу не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Алайда сотталушының материалдық жағдайы оған айыппұл түрінде жаза тағайындауға мүмкіндік бермеді.

ҚК-де көзделген жазаны тағайындау кезіндегі барлық нюанстарды ескере отырып, сот алқасы С.Күзембаевқа қауіпсіздік жағдайы төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын  өтеумен жеті жыл бас бостандығынан айырды.    

Үкім заңды күшіне енді.

Өз кезегінде әкімшілік қызметкері ауыр қылмыс жасағанына қарамастан, тәртіптік жазаға тартылмаған және өз қызметінде жұмыс істеуді жалғастыруда.


Көзі: yunews.kz