Алматы облысында мүгедек зейнеткер сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы облысында мүгедек зейнеткер сотталды

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Алматы облысында 67 жастағы мүгедек зейнеткер сотталды.

Алматы облыстық сотының хабарлауынша, Алматы-Өскемен автожолының 252 шақырымында зейнеткер әйел абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, сондай-ақ екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі болған.

Оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаза тағайындау кезінде сот кінәсін мойындауды, жасаған іс-әрекетіне өкінуін, оның егде жаста (67 жас) екенін, мүгедектігін, тұрғылықты жері бойынша оң мінездемесін, материалдық залалды өз еркімен өтеуін, алғаш рет абайсызда қылмыс жасауын ескерді. Сондай-ақ, жәбірленушілер бас бостандығынан айырумен байланысты жаза тағайындауды сұраған жоқ.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Көзі: yunews.kz