Елордалық тәртіп сақшылары 2 күнде 35-тен астам көлікті мас күйінде айдаған жүргізушілерді анықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордалық тәртіп сақшылары 2 күнде 35-тен астам көлікті мас күйінде айдаған жүргізушілерді анықтады

444

Smiley face
Фото: knews.by

Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаментімен жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, 2 күннің ішінде Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 900-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады. Оның ішінде 35-і жүргізушілердің көлікті масаң күйінде айдағаны, 300-ге жуығы жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша, 170-тен астамы жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегі  таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау және 60-тан астамы жүргізушілердің көлікті айдау кезінде  қауіпсіздік белгісін тақпауы бойынша анықталды.

Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде тәртіп сақшыларымен көлікті масаң күйінде жүргізгені үшін 800-ге жуық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетсек, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына бергені үшін көлік құралын басқару құқығынан үш жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.


Көзі: yunews.kz