Шанхай көрмесінде Қазақстан Республикасы ұлттық стендті елдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін көрсетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шанхай көрмесінде Қазақстан Республикасы ұлттық стендті елдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін көрсетті

444

Smiley face
Фото: foodindustry.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қытайға сапары барысында Шанхайда өткен 2-ші Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.

2019 жылғы 13 маусымда Бішкекте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының 19-отырысына қатысу аясында болған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы келіссөздер барысында Қытай тарапы Қазақстанды қараша айында өтетін 2-ші Қытай халықаралық импорт көрмесіне құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды.

Шанхай көрмесінде Қазақстан Республикасы ұлттық стендті елдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін көрсетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында инвестициялық, сауда, бизнес және туризм саласындағы елдің мүмкіндіктерін таныстыру үшін сегіз ірі компания, оның ішінде «Kazakh Invest» ҰК АҚ, «Самұрық-Қазына»,« Бәйтерек», AIFC, «Astana Expo –2017 », «Kazakh  Export», ССДО «Qaztrade», «KazakhTourism» және «Қорғас» ШЫХО көрсетілген.

Қазақстандық өнімдерді 180 шаршы метр аумақты алатын Шанхай импорт көрмесіндегі еліміздің павильонында Қазақстан Республикасының тамақ және ауылшаруашылық салаларының 30 компаниясын ұсынды.

Көрме барысында бірқатар экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.


Көзі: yunews.kz