Мәншүк Маметованың мүсінін сомдаған авторлар Семей тұрғындарынан кешірім сұрады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мәншүк Маметованың мүсінін сомдаған авторлар Семей тұрғындарынан кешірім сұрады

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Куртуковтар отбасы  Семей қаласына  ескі ағаштарды декоративтік өңдеу үшін қала әкімінің шақыруымен келген. Иванның жұмыстары семейліктерді таң қалдырды. Абай алаңында бірден бірнеше әсем мүсіндер пайда болды.

"Біздің Абай алаңындағы  жұмыстарымыздан кейін оң пікірлер пайда болды. Көп ұзамай  бізге жеке ұсыныстар да түсе бастады. Сіз "Родина" ауданындағы біздің жұмыстарымызды көрген шығарсыз, онда аю мүсіндері бар, және электртехникалық колледжде жасалған эскиздер бойынша жұмыстар қойылған", - деп айтып берді Юлия мен Иван Куртуковтар өзінің Инстаграм-парақшасында.

Ерлі-зайыптылар өз идеяларымен бөлісіп, Жеңіс саябағындағы ескі оқпанды безендіруді ұсынды. Жергілікті биліктен рұқсат алған Иван жұмысқа кірісті. Бензоараның көмегімен ол жауынгер қыздың мүсінін сомдады.

"Біз эскиз бойынша жұмыс жасамаймыз, бейне мен суреттер  жұмыс барысында өздігінен туындайды,  бұл кейбір адамдардың наразылығына себеп болды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың пікірін ескере отырып, біз өз жұмысымызды бұзып тастадық. Оған өкінбейміз. Сонымен қатар, біздің жұмысымызға көңілі толмағандардан кешірім өтінеміз. Біз де жеңімпаз аталардың ұрпағымыз, сондықтан Жеңістің бағасын білеміз! Осындай жағымсыз пікір туғаны өкінішті, әрине. Біз өз жұмысымызды алып кетуге шешім қабылдадық", - деп жазды жұбайлар.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Жеңіс саябағында жауынгер қыздың ағаш мүсіні пайда болды. Оны авторлар ескі құрғақ ағаштан жасаған. Кейінірек, бұл Мәншүк Мәметованың мүсіні болғаны анықталды. Семей қаласына Алтай қаласынан (бұрынғы Зырян) келген Куртуковтар отбасының бұл жұмысы әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудырды. Пайдаланушылар мүсінді алып тастауды талап етті, өйткені ол Мәншүк Мәметоваға мүлдем ұқсамайды және қала тұрғындарын шошытты.


Көзі: yunews.kz