Соңғы сапар - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Соңғы сапар

444

Smiley face

Тәжікстанның 63 жасар азаматы Хучамурод Баёновтың мәйітін ШҚД қызметкерлері 5 қарашада 6 сағат 40 минутта тапты. Кеше кешке ол жылытылатын автобуста болып, басқа адамдармен араласқан. Тәртіп сақшылары оның денесінен зорлық белгілерін таппады.  Үсік шалды деген болжам да расталмады. Түнде ауа температурасы Цельсий бойынша  -11 градус болғанына қарамастан, Баёнов жолаушылар көлігі салонынан ешқайда кетпеген.

Қазір сот-медициналық сарапшылар шетел азаматы өлімінің себебін анықтауда. Ол жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болуы мүмкін деп болжануда.

Туыстары қайғылы хабар жөнінде хабардар етілді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашадан бастап Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында қарлы боран соғып, ол  Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігін жауып тастады. Қалыбай ауылына жақын жерде жүк көліктері мен жеңіл көліктерді қоса алғанда, 196 көлік қар құрсауында қалды. Қар құрсауында Баёнов жүргізген "Мерседес" маркалы шағын автобус да болды. Ол өзінің отандастары тәжікстандық 15 жолаушымен бірге Ресейден үйлеріне жол тартқан болатын.


Көзі: yunews.kz