Жұмыс орнында ішімдік ішкені үшін жұмысынан босатылған ақтөбелік прокурордың бұрынғы лауазымына қайта тағайындау туралы арыз-талабы қанағаттандырылмады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жұмыс орнында ішімдік ішкені үшін жұмысынан босатылған ақтөбелік прокурордың бұрынғы лауазымына қайта тағайындау туралы арыз-талабы қанағаттандырылмады

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары Нұрлан Айтен бірнеше күн бұрын қалалық сотқа шағымданды. Жұмысқа қайта тағайындаудан басқа ол амалсыз бос жүрген уақыт үшін жалақы өндіріп алу туралы арыз-талап жазған болатын.

Іс материалдарына сәйкес, Ақтөбе облысы прокурорының бұйрығымен талапкер Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы прокурорының орынбасары болып тағайындалған, бірақ осы жылдың жазында прокуратура органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылды. Атап айтқанда: қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны, яғни жұмыс орнында спирттік ішімдік ішкені үшін жұмыстан шығарылды.

Талапкер өз талаптарын жұмыстан заңсыз босатылғанымен, оған қатысты қызметтік тергеу заңсыз жүргізілгенімен, сондықтан тергеу нәтижелері объективті емес деп есептейтінімен дәлелдеп отыр.

"Алайда, сотта Айтеннің дәлелдері өзінің растауын таппады, ал талапкер дәлел ретінде ұсынған медициналық куәландыру қорытындысы негізсіз деп танылды, себебі ол орын алған оқиғадан кейін емес, үш сағаттан астам уақыт өткеннен кейін жүргізілген", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде сот Айтеннің талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.


Көзі: yunews.kz