Павлодарда пәтер жалдаушы пәтердегі тұрмыстық техникаларды сатып жіберген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодарда пәтер жалдаушы пәтердегі тұрмыстық техникаларды сатып жіберген

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Павлодар облысында әйел жалдамалы пәтердегі тұрмыстық техниканы сатқан.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, пәтер иесіне көршісі қоңырау шалып, пәтерде үш күн бойы  жарық жанып тұрғанын, ал есікті ешкім ашпайтынын хабарлады.

Пәтер жалдаушы қызға қоңырау шалған пәтер иесі  оның ауылға кеткенін білді, ал жарық өшіруді ұмытып кеткен.  Ер адам пәтердегі жарықты сөндіру үшін келгенде, кір жуғыш машина мен электр плитасының жоғалғанын байқады.

Пәтерді жалға алған қыз ақша тапшылығына байланысты тұрмыстық техниканы сатқаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz