Семейдің тұрғыны 15 литрлік самаурынды ұрлап алып, металл қабылдайтын жерге тапсырған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейдің тұрғыны 15 литрлік самаурынды ұрлап алып, металл қабылдайтын жерге тапсырған

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Жақында полиция бөліміне 67 жастағы Семей қаласының тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу оның құлыптаулы тұрған гаражына түсіп, 15 литрлік самаурынды ұрлап кеткенін айтып, шара қабылдауды сұрады. Жәбірленуші самаурынды  10 000 теңгеге бағалады.

"29 жасар күдікті қолға түсті және кінәсін мойындады. Алайда, айғақты затты иесіне қайтарып бере алмады, себебі оны металл қабылдайтын жерге тапсырған",-деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат бұрын алты рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды.  Тергеу барысында полиция қызметкерлері оның тағы екі ұрлық фактісіне қатысы бар екенін анықтады.

"11 қазанда күдікті тұлға аспалы құлыпты жұлып алып, үйдің ауласында орналасқан сарайға кіріп, жасырын түрде болгарка, шуруповерт, ұзындығы 10 метр мыс кабелін және автокөлік үшін "тұтандырғыш" ұрлап кеткен. Шығын 50 000 теңгеге бағаланды", - деп толықтырды Департаментте.


Көзі: yunews.kz