Дін - апиын?... - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Дін - апиын?...

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Жыл басынан бері өңірде жат ағым жетегінде жүргендер 57 қылмыс пен 400-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, қылмыстық істердің 13-і діни, 30-ы көші-қон, 11-і салық саласына қатысты құқықбұзушылық кезінде тіркелді.

Мәселен, қала тұрғынын тінту кезінде 10 діни кітап табылды. Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 453 бабы 4 бөлімі бойынша оған 252 мың теңге айыппұл салынды.

«Жат ағым жетегінде жүргендер дінді жамылып, қылмыс жасайды, ұрлыққа, адам өлтіруге барады. Қарақшылық шабуыл жасағандары да бар», дейді ПД-де.

Мәселен, қала тұрғыны ашық түрде телефон ұрлап алды. Жедел іздестіру кезінде 23 жастағы дестуктивті ағымда жүрген күдікті ұсталды. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша сотталушы өз жазасын алды.

Бұдан басқа, Ақтөбе полициясы 21 жастағы жігітті атып, мерт қылған қала тұрғыны да жат ағымда жүрген күдікті деп есептейді.

Тағы бір дерек бойынша 31 жастағы күдікті қазан айында қала түрғынынан 340 мың теңге ұрлап кеткен. Күдікті дереу ұсталды. Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ол да деструктивті ағымда жүрген.


Көзі: yunews.kz