Елорданың магистральды көшелерінің қиылысында сол жақ бұрылыстар болмайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елорданың магистральды көшелерінің қиылысында сол жақ бұрылыстар болмайды

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан қ. полиция департаменті пилоттық жобаның бірінші кезеңі аясында "Мейірім" медициналық орталығы ауданында Сығанақ көшесінде, онкологиялық орталық ауданында Керей Жәнібек хандары көшесінде, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы бойында "ҚазМұнайГаз" ЖМС ауданында және "Жас Ұлан" мектебі тарапынан реттелетін қиылыстарда бағдаршамдар алдында бағыттама түріндегі бұрылысқа бағыт көрсететін символды бағдаршамдардың қосымша секцияларын орнатуды жүргізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі.

"Бұл баламалы бұрылыс орындары қолайлы жағдай жасауға, бұрылыссыз және қауіпсіз бұрылысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ Сығанақ көшесі-Тұран даңғылы, Тұран даңғылы-Керей Жәнібек көшесі және Бейсеков көшесі-Қорғалжын тас жолы қиылыстарының өткізу қабілетін арттыруға арналған», делінген хабарламада. Бұл схеманы елорданың көше-жол желісінің басқа да учаскелерінде қолдану қарастырылады.


Көзі: Yunews.kz