444
Фото Ұлттық гвардиядан алынды
Құқық қорғау органдары Өскемен қаласының көп қабатты үйінің кіреберісінен өсімдіктен алынған зат салынған бес қорап тапты. Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық гвардияның әскери қызметшілерімен бірге облыс орталығында 27 жастағы Алматы тұрғынын ұстады.
Кіреберісті тінту барысында контейнері бар бес картон қорапша табылды, онда ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылды. Алматылық азамат есірткіні Өскеменде өткізбек болған.
Жалпы, жедел және тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижесінде кептірілген марихуана мен жалпы салмағы 77 килограммға жуық гашиш тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Көзі: Yunews.kz