Елорда полицейлері менұлттық ұлан арнайы жасағы ірі көлемде есірткі тәркіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елорда полицейлері менұлттық ұлан арнайы жасағы ірі көлемде есірткі тәркіледі

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері бұрын сотталған, 50 жастағы қала тұрғынын есірткі сатқаны үшін ұстады. Аталған адамның мекен-жайы бойынша аса ірі көлемде«героин» табылып, тәркіленді. Ұстау барысында ол заттай дәлелдемеден құтылуға әрекет жасады. Осы факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жыл басынан елордалық полицейлер 100 кг астам әртүрлі есірткі заттарын, оның ішінде «героин», «синтетикалық» есірткі тәркіледі. «Есірткіні сату» бабы бойынша 65 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, түрлі есірткі қылмыстарына қатысты бұзушылық жасалғаны үшін 345 қылмыстық іс қозғалды.

«Интернет-кеңістікті» мониторингілеу барысында және азаматтардың белсенді ұстанымы арқасында синтетикалық есірткі таратумен байланысты 100-ден астам сайт анықталды. Осы сайттарды бұғаттау үшін алынған ақпарат тиісті органдарға жолданды. 

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Национальная гвардия РК (@national_guard_kaz)


Көзі: Yunews.kz