Қазақстанда корвалол мен антибиотиктер 9,3%-ға, ал анальгетиктер 10,6-%-ға қымбаттады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда корвалол мен антибиотиктер 9,3%-ға, ал анальгетиктер 10,6-%-ға қымбаттады

444

Smiley face

ҚР-да фармацевтикалық концерндер өткен жылғы құлдыраудан кейін қайта қарқын алып келеді: ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында дәрі-дәрмек шығару 56,6 млрд теңгеге, өзге дәрі-дәрмектер - 4,1 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Барлық фармацевтикалық өнім өндірісінің жиынтық көлемі 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 55,5 млрд теңгеден ағымдағы жылы 65,3 млрд теңгеге дейін өсті.

Smiley face

Барлық дерлік өндіріс 3 өңірде шоғырланған: Шымкент (23,1 млрд теңге), Алматы облысы (21,1 млрд теңге) және Алматы облысы (14,2 млрд теңге).

Зерттеуге сәйкес, IQVIA сарапшылары: 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда дәрілік заттардың 79%-ы бөлшек сауда арнасы арқылы сатылатын болады, яғни халық оларды дәріханалардан өз қаражатына сатып алады деп айтуда.

Сонымен қатар, дәрі-дәрмектердің бағасы өсуде: 2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша өсім 8,2%-ға жетті. Әсіресе, витаминдер — бір жылда 11,4%-ға, анальгетиктер — 10,6%-ға, сондай-ақ корвалол мен антибиотиктер — 9,3%-ға қымбаттады.

Алайда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі балаларға рецепт арқылы берілетін барлық дәрі-дәрмектерді медициналық сақтандыру есебінен тегін беруге ниетті. Әзірге мемлекет басым бағыттар бойынша препараттардың үштен бір бөлігін ғана жабады.

Smiley face


Көзі: yunews.kz