Атырауда жол апатында «жедел жәрдемнің» екі қызметкері зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда жол апатында «жедел жәрдемнің» екі қызметкері зардап шекті

444

Smiley faceФото Нұрбейбіт Нығмановтан алынды

Бүгін таңертең, 5 қарашада, Атыраудағы Бейбарыс даңғылы мен Амандосов көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Бағдаршамның қызыл сигналында "Жедел жәрдем" көлігі мен "ВАЗ-2114" маркалы автокөлік соқтығысты. Арнайы техника қатты соққыдан аударылып қалды, салдарынан тағы екі көлік соқтығысты.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, апат салдарынан екі фельдшер аздаған жарақат алып, медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Атырау облысының полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта апатқа қатысушылардың барлығының кінәлілік дәрежесі анықталуда, соқтығысу схемасы жасалып, куәгерлерге сауалнама жүргізіліп, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде.


Көзі: yunews.kz