Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері азаматтардың құқықтарын қорғады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері азаматтардың құқықтарын қорғады

444

Smiley face
Фото online-buhuchet.ru

Аршалы және Ақкөл аудандарының прокуратура қызметкерлерінің мекенжайларына ауыл тұрғындарынан олардың проблемалық мәселелерін жедел шешкендері үшін алғыс хаттар түсті.

Аршалы ауданының прокуратурасы мүгедектердің құқықтарының бұзылуын анықтады. Мәселен, еңбек заңнамасын бұза отырып, 2-топтағы мүгедектердің жұмыс уақыты аптасына белгіленген 36 сағаттан асып түсті (аптасына орташа 40 сағат). Сондай-ақ, мемлекеттік мекеме объектілері мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолайлы жағдайлардың бейімделмеуін анықтады.

Аудан прокуратурасының араласуынан кейін еңбек шарттары заңға сәйкес келтіріліп, әкімшілік ғимараттарда мүгедектерге арналған пандустар мен олардың көліктері үшін тұрақ белгілері орнатылды.

Ақкөл ауданының прокуратурасы Радовка кенті тұрғындарының өтініші бойынша медициналық көмектің сапасын тексеруді бастады. Бірнеше жыл бойы ауыл тұрғындарына тиісті медициналық көмек көрсету және және тұрғындарды аралап тексеру жұмыстарының жүргізілмегендігі анықталды.

Барлық заң бұзушылықтар Орталық аудандық аурухана бас дәрігерінің қатысуымен өткен отырыста қаралды. Аудандық аурухана халыққа медициналық қызмет көрсетудегі барлық бұзушылықтарды жою туралы міндеттемелер қабылдады.

Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасуда.


Көзі: Yunews.kz