Техникалық байқау станцияларында орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуде МТНБ-ның автотанылуын тексеру жұмыстары жалғасуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Техникалық байқау станцияларында орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуде МТНБ-ның автотанылуын тексеру жұмыстары жалғасуда

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 23 қазандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес станцияларда орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін автоматты тану жүйесінің бар болуын және жұмыс істеуін тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша 5 мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің (МБҚЕ) 3-і талаптарға сәйкес келеді, 1-і сәйкес келмейді және 1-і тексеруге берілмеген.

Талаптарға сәйкестігін тексеруден өтпеген МБҚЕ «техникалық байқау «БАЖ жүйесіне диагностикалық карталарды жіберуге рұқсатты тоқтата тұрады.

Осыған байланысты, қарашаның 3-нен 4-не қараған түні «ЭТОРА», «ATUM-EL» және «МЕТА» сәйкестендіру кілттерін жаңарту бойынша жұмыстар, сондай-ақ «ГАРО» және «AISTO» кілттерін қайтарып алу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі уақытта «ЭТОРДАН» - 998, «ATUM – EL» - 332 және «МЕТА» - 32 диагностикалық карталар алынды.

МБҚЕ тексерудің негізгі аспектісі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін Авто тану жүйесінің болуы болып табылады.  

Жұмыс нәтижесі бойынша келіп түскен тиісті карталардың саны 25-30%-ға қысқарды.

Айта кету керек, жұмыс істей бастаған сәттен бастап жұмыс тобы 5 отырыс өткізді, оның нәтижесі бойынша міндетті техникалық байқауды өткізу ережелерін бұзғаны үшін 37 техникалық байқау орталығы үшін жүйеге кіру тоқтатылды. 


Көзі: Yunews.kz