Полиция мас күйінде көлік жүргізген 22 мыңнан астам жүргізушіні анықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Полиция мас күйінде көлік жүргізген 22 мыңнан астам жүргізушіні анықтады

444

Smiley faceАшық көздерден алынған фото

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жолдарындағы жағдайдың алаңдаушылық тудыратынын атап өтті және мас күйде автокөлік жүргізгені үшін жазаны қатаңдату қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі осындай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсыныстармен бастама көтерді.

Ағымдағы жылдың 9 айында мас жүргізушілер тарапынан 342 жол-көлік оқиғасы орын алып, оларда 64 адам қаза тапты және 493 адам жарақат алды.

«Бейбіт өмірде май күйінде көлік басқарған жауапсыз жүргізушілер кінәсінен жолдарда адамдар қаза тауып жатыр.  Оларды ақтауға жатпайды. Сондықтан осындай заң бұзушылықтар мен қылмыстар үшін олардың салдарларының ауырлығына теңбе-тең жаза болуы тиіс», - деді ІІМ қызмет басшыларымен өткізген кеңесінде министр Ерлан Тұғымбаев.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін және жолдарда күнделікті патрульдеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстың нәтижесінде көптеген ЖКО-ға жол берілмеді.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізген 22 мыңнан астам жүргізушіне анықтады. Олардың 17 мыңнан астамы автокөлікті басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізушілік құқығынан айырылған әрі мас күйде болған 1 878 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге статистика көрсетіп отырғандай, қолданыстағы әкімшілік жазалар жүргізушілердің тәртібіне қажетті деңгейде әсер етпейтінін және ЖКО санының төмендемей отырғанын байқатады.

Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны қатаңдату барлық жол қозғалысына қатысушылардың, жүргізушілердің де, жолаушылардың да, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен, депутаттық корпуспен, жұртшылықпен келісілетін тиісті ұсыныстар дайындалуда.


Көзі: Yunews.kz